Мамандық коды Мамандық атауы Біліктілік коды Біліктілік атауы Оқыту мерзімі
04130100 Менеджмент (салалары бойынша) 4S04130101 Менеджер

АӨК түрлі салаларында ұйымдастырушылық-басқару, жоспарлы-экономикалық, аналитикалық, социологиялық, ғылыми-зерттеу қызметі үшін кең бейінді мамандар менеджерлерін дайындайды.

Бүгінгі таңда менеджер мамандығы Қазақстанда да, бүкіл әлемде де ең қызықты және сұранысқа ие болып табылады, мансап тұрғысынан ең жоғары ақы төленетін және болашағы бар мамандық болып саналады. Кәсіби және тиімді менеджменттің арқасында компаниялар аса күрделі өзгерістер жағдайында табысты әрекет ете алады.

Менеджер мамандығын алғаннан кейін түлектер компания мен персоналды тиімді басқаруды, оңтайлы шешім қабылдауды, кәсіпорын қызметінің нәтижелерін талдауды, статистикалық және қаржылық ақпаратты түсінуді үйренеді, адамдардың «сезінуіне», командада жұмыс істеуге, оның жұмысын жоспарлауға және ұйымдастыруға, өзінің көшбасшылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін терең кәсіби білім алады және іс жүзінде жүзеге асыра алады.